Футбол
7 қараша 10:29

ФИФА әлемдегі үздік футболшы атағына үміткерлер тізімін жариялады

©sportliga.com

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) "2025 жылдың үздік футболшысы" атағына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ең көп үміткер "Пари Сен-Жермен" клубынан - он бірдің төртеуі париждік команда ойыншылары. Олардың қатарында 2025 жылғы "Алтын доп" иегері атанған шабуылшы Усман Дембеле де бар.

Футболшылардың ойыны 2024 жылдың 11 тамызынан 2025 жылдың 2 тамызына дейінгі кезеңде бағаланады. Жеңімпаз ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандарының, БАҚ өкілдерінің және жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы анықталады. Дауыс беру 28 қарашаға дейін жалғасады.

"The Best" марапатына үміткерлер тізімі:

Усман Дембеле (Франция / "Пари Сен-Жермен")
Ашраф Хакими (Марокко / "Пари Сен-Жермен")
Харри Кейн (Англия / "Бавария")
Килиан Мбаппе (Франция / "Реал" Мадрид)
Нуну Мендеш (Португалия / "Пари Сен-Жермен")
Коул Палмер (Англия / "Челси")
Педри (Испания / "Барселона")
Рафинья (Бразилия / "Барселона")
Мохамед Салах (Мысыр / "Ливерпуль")
Витинья (Португалия / "Пари Сен-Жермен")
Ламин Ямаль (Испания / "Барселона")

Айта кетсек, 2024 жылы ФИФА нұсқасы бойынша үздік ойыншы атағын "Реал" клубының вингері Винисиус Жуниор иеленген еді. Ол дауыс беру нәтижесінде командаласы Джуд Беллингем мен "Манчестер Сити" ойыншысы Родриден озған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport