ФИФА әлем чемпионатының жаңа форматын бекітті

©ФИФА

FIFA 2026 жылғы әлем чемпионатының жаңа форматын бекіткенін ресми түрде жариялады.

Руанда астанасы Кигалиде өткен конгрессте 48 команда қатысатын 2026 жылғы әлем чемпионатының форматы алғаш рет бекітілді. Ең беделді футбол турнирі 1930 жылдан бері өткізіліп келеді. Оның форматы 23-ші рет өтетін келесі әлем чемпионатында өзгереді.

Бастапқыда командаларды 3-тен 16 топқа бөлу жоспарланған болатын. Бірақ FIFA бұл идеядан бас тартып, 4 командадан тұратын 12 топты бекітті. Топтарда алғашқы екі орын және 3-орын иегерлерінің ең үздік сегізі 1/16 финалға жолдама алады.

Барлығы 104 матч ойналады. Турнир 39 күнге созылады.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Айта кетейік, кейінгі әлем чемпионаты 2022 жылы Катарда өтіп, 32 команда қатысқан соңғы әлем чемпионаты ретінде тарихқа енді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport