Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы матчтарына қызмет көрсететін төрешілердің есімдерін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
ФИФА 11-13 маусым аралығында өтетін ойындарға төрешілер бригадаларын бекітті. Олардың қатарында әлем чемпионатының ашылу матчы да бар. Онда Мексика мен Оңтүстік Африка құрамалары кездеседі.
Мексика – Оңтүстік Африка
11 маусым, 23:55. А тобы
Стадион: "Ацтека", Мехико.
Бас төреші – Вилтон Сампайо,
төрешінің көмекшілері – Бруно Пирес пен Бруно Босилия (барлығы – Бразилия),
төртінші төреші – Хуан Бенитес (Парагвай),
VAR – Николас Галло (Колумбия).
Оңтүстік Корея – Чехия
12 маусым, 07:00. А тобы
Стадион: "Гвадалахара Арена", Сапопан.
Бас төреші – Амин Мохамед,
төрешінің көмекшілері – Махмуд Абулрегал және Ахмед Хоссам Таха (барлығы – Мысыр),
төртінші төреші – Хуан Кальдерон (Коста-Рика),
VAR – Махмуд Ашур (Мысыр).
Канада – Босния және Герцеговина
12 маусым, 23:55. B тобы
Стадион: "Бимо Филд", Торонто.
Бас төреші – Факундо Тельо,
төрешінің көмекшілері – Хуан Пабло Белатти мен Габриэль Чаде (барлығы – Аргентина),
төртінші төреші – Хаид Альтураис (Сауд Арабиясы),
VAR – Эрнан Мастранджело (Аргентина).
АҚШ – Парагвай
13 маусым, 06:00. B тобы
Стадион: "Со-Фай", Инглвуд, Калифорния.
Бас төреші – Дэнни Маккели,
төрешінің көмекшілері – Хессел Стегстра және Ян де Врис (барлығы – Нидерланд),
төртінші төреші – Юсукэ Араки (Жапония),
VAR – Карлос Гранде (Испания).
The match officials for @FIFAWorldCup matches 1, 2, 3 and 4 have been appointed. ?
— FIFA (@FIFAcom) June 8, 2026
Айта кетейік, бұл әлем чемпионатына тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады. Сондай-ақ, бұл турнир алғаш рет бірден үш елдің – АҚШ, Канада және Мексиканың аумағында өтеді.
ӘЧ-2026 11 маусым мен 19 шілде аралығында жалғасады.
Жарнама