ФИФА Әлем чемпионатында 1/8 финалға шыққан құрамаға айыппұл салды

2 желтоқсан 2022 14:01
©fifa.com

ФИФА Сенегал футбол федерациясына 10 мың швейцариялық франкқа жазалады. Бұған себеп құраманың БАҚ қатысты шартты бұзуы болған. 

Сенегал мен Эквадор құрамалары арасындағы кездесудің алдындағы баспасөз жиына Африка құрлығы құрамасының футболшысы қатыспаған. Осыған байланысты Сенегал футбол федерациясына айыппұл салынды. 

Еске салайық, бұл кездесуде Сенегал 2:1 есебімен Эквадор құрамасын жеңіп, А тобында екінші орын алып 1/8 финалға шықты. Енді плей-офф кезеңінде Сенегал 4 желтоқсан күні Англияға қарсы ойын өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: