ФИФА ӘЧ іріктеуіндегі Польша мен Ресей ойынына қатысты нақты шешім шығарды

©Reuters

Ресейдің халықаралық турнирлерден шеттетілуіне байланысты Польша құрамасы Әлем чемпионаты іріктеу кездесулерінің финалына автоматты түрде жолдама алды. Бұл туралы "Чемпионат" порталы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Польша автоматты түрде іріктеу ойындардың финалына шықты. Онда бұл құрама Швеция мен Чехия арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. Сонымен қатар, ФИФА Шотландия мен Украина құрамалары арасындағы кездесудің маусым айына шегерілгенін мәлімдеді. 

Еске салайық, 28 ақпан күні ФИФА мен УЕФА Ресей құрамасы мен ресейлік клубтарды барлық халықаралық турнирлерден шеттеткені туралы ақпарат шығарды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар