| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 13:40
 

ФИФА ӘЧ-2026-дағы үшінші орын үшін Англия - Франция матчіне төрешілерді белгіледі

  Пікірлер

blog.share

ФИФА ӘЧ-2026-дағы үшінші орын үшін Англия - Франция матчіне төрешілерді белгіледі ©depositphotos.com

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін өтетін Франция мен Англия құрамалары арасындағы матчқа қызмет көрсететін төрешілер бригадасын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатындағы үшінші орын үшін өтетін Франция мен Англия құрамалары арасындағы матчқа қызмет көрсететін төрешілер бригадасын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесудің бас төрешісі болып венесуэлалық Хесус Валенсуэла тағайындалды. Оған отандастары Хорхе Уррего Мартинес пен Тулио Морено көмекшілік етеді.

Төртінші төреші қызметін марокколық Джалал Джайед атқарса, қосалқы көмекші төреші болып оның жерлесі Закария Бринси бекітілді.

42 жастағы Валенсуэла бұған дейін 2022 жылғы әлем чемпионатының, Токио-2020 Олимпиадасының футбол турнирінің және Америка кубогының матчтарына төрелік еткен.

2026 жылғы әлем чемпионатында ол Аустралия – Түркия (2:0) және Босния және Герцеговина – Катар (3:1) арасындағы топтық кезең ойындарына, сондай-ақ Кот-д'Ивуар – Норвегия (1:2) арасындағы 1/16 финал кездесуіне бас төреші болды.

Үш матчтың қорытындысы бойынша Валенсуэла төрт сары қағаз көрсетті.

Франция – Англия матчы қашан өтеді?

Франция мен Англия арасындағы үшінші орын үшін матч 18 шілдеден 19 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 02:00-де басталады.

Еске салайық, әлем чемпионатының жартылай финалында Франция Испаниядан 0:2 есебімен жеңілсе, Англия Аргентинадан 1:2 есебімен ұтылды.
 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!