ФИФА 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы Франция мен Испания құрамалары арасындағы алғашқы жартылай финал матчында қызмет көрсететін төрешілер бригадасын тағайындады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 15 шілдеге қараған түні АҚШ-тың Даллас қаласында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Төрешілер бригадасы:
Бас төреші – Иван Бартон (Сальвадор);
Бірінші қосалқы төреші – Давид Моран (Сальвадор);
Екінші қосалқы төреші – Антонио Пупиро (Сальвадор);
Төртінші төреші – Гленн Нюберг (Швеция);
Резервтегі қосалқы төреші – Махбод Бейги (Швеция).
Франция құрамасы плей-офф кезеңінде Швецияны (3:0, 1/16 финал), Парагвайды (1:0, 1/8 финал) және Марокконы (2:0, ширек финал) ұтып, жартылай финалға шықты.
Ал Испания құрамасы Аустрияны (3:0, 1/16 финал), Португалияны (1:0, 1/8 финал) және Бельгияны (2:1, ширек финал) ұтып, үздік төрттікке жолдама алды.
Екінші жартылай финалда Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Бұл матч 16 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтіп жатыр.
Жарнама