Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша FIFA Fair Play Award сыйлығының иесін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл мәртебелі марапат турнир бойы жоғары тәртіп пен спорттық мінез-құлықтың үлгісін көрсеткен Нидерланды құрамасына табысталды.
Турнирдегі ең тәртіпті командаӘлем чемпионатында Нидерланды құрамасы төрт матч өткізді. Осы уақыт ішінде команда ойыншылары небәрі үш сары қағаз алып, бірде-бір рет алаңнан қуылған жоқ. Дәл осы көрсеткіштер ФИФА-ның Fair Play сыйлығын иеленуге басты себеп болды.
Нидерланд құрамасы жарысты 1/16 финал кезеңінде аяқтады. Бұл сында олар Мароккодан жеңілді. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, пенальти сериясында марокколықтар 3:2 есебімен басым түсті.
ӘЧ-2026 қорытындысы2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы Испания құрамасы атанды. Финалда испаниялықтар Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен ұтып кетті.
Ал қола жүлдені Англия құрамасы иеленді. Үшінші орын үшін өткен нәтижелі кездесуде ағылшындар Францияны 6:4 есебімен ұтты.