2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының Аргентина мен Египет арасындағы 1/8 финалдық матчынан кейін дау-дамайдың ортасында қалған франциялық төреші Франсуа Летесье турнирден шеттетілмейді, деп хабарлайды Vesti.kz франциялық L'Equipe басылымына сілтеме жасап.
Египеттің шағымы шешімге әсер еткен жоқАргентинадан 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін Египет футбол қауымдастығы Франсуа Летесьенің төрелігіне қатысты ФИФА-ға ресми шағым түсірді.
Кездесу барысында мысырлықтар 2:0 есебімен алда тұрғанымен, кейін басымдықтарын сақтай алмай, жарыс жолынан шығып қалды. Матч аяқталған соң ойыншылар мен бапкерлер штабы франциялық төрешінің жұмысына қатаң сын айтты.
ФИФА қандай шешім қабылдады?Дереккөздің мәліметінше, ешбір ұлттық футбол федерациясы төрешілердің тағайындалуына тыйым сала алмайды. Арбитрлерге қатысты шешім қабылдау құқығы тек ФИФА-ның Төрешілер комитетіне тиесілі.
Сонымен қатар, Летесьенің осы матчтағы жұмысы жан-жақты талданады. Ішкі сараптама аяқталғаннан кейін ғана оның әлем чемпионатының келесі ойындарына тағайындалатыны немесе тағайындалмайтыны белгілі болады.
Жаңа матчқа тағайындалуы екіталайРесми жаза қолданылмағанымен, франциялық төрешінің турнирде бұдан былай матч өткізбеуі әбден мүмкін.
Бұған басты себеп – Франция құрамасының турнирдегі жарысын жалғастырып жатқаны. Егер франциялықтар ширек финалда жеңіске жетіп, жартылай финалға өтсе, онда Франсуа Летесье мен тағы бір франциялық төреші Клеман Тюрпен қазіргі тағайындау қағидаларына сәйкес әлем чемпионатының қалған ойындарына қызмет етпеуі ықтимал.