Футбол
Бүгін 10:33

ФИФА ӘЧ-2026-да Аргентина үшін болған дауға қатысты тексеріс бастады

©instagram.com/afaseleccion

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Англиямен матчтан кейінгі оқиғаларға байланысты Аргентина футбол қауымдастығына (AFA) қатысты ресми тәртіптік тергеу бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тергеу не үшін басталды?

BBC Sport журналисі Дэйл Джонсонның мәліметінше, ФИФА Аргентина бірқатар ережені бұзған болуы мүмкін.

Қаралып жатқан мәселелердің қатарында:

спорттық іс-шараны саяси немесе спортқа қатысы жоқ мәлімдемелер жасау үшін пайдалану;
команданың лайықсыз мінез-құлқы;
кемсітушілік пен нәсілшілдік сипатындағы әрекеттер болуы мүмкін деген күдік бар.

Англияны жеңгеннен кейінгі баннер

Тергеудің басталуына себеп болған негізгі жайттардың бірі – Аргентина футболшыларының Англияны 2:1 есебімен жеңгеннен кейін алаңға алып шыққан баннері.

Плакатта: "Мальвин аралдары – Аргентинаныкі" деген жазу болған.

Дереккөздің мәліметінше, дәл осы эпизод ФИФА-ның тәртіптік органдарының басты назарындағы мәселелердің біріне айналған.

Әлем чемпионаты қалай аяқталды?

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтті.

Аргентина құрамасы турнирдің финалына дейін жетіп, шешуші кездесуде Испаниямен ойнады. Негізгі уақытта командалар гол соға алмады. Алайда қосымша уақытта испаниялықтар жалғыз голды соғып, 1:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport