Футбол
Бүгін 15:20

ФИФА 2026 жылғы ӘЧ-ге қатысты "біртүрлі" тыйым енгізді

©FIFA

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионаты матчтарына баратын жанкүйерлерге қатысты ережелерге өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жаңартылған мінез-құлық кодексіне сәйкес, енді көрермендерге стадиондарға су құйюға арналған шөлмектерді де алып кіруге рұқсат етілмейді.

Бұған дейін жанкүйерлер көлемі бір литрге дейінгі пластик бөтелкелерді өздерімен бірге алып келіп, оларды стадион аумағында суға толтыра алатын. Алайда енді бұл мүмкіндік толықтай жойылады. ФИФА алдағы әлем чемпионаты матчтарының билетін сатып алған жанкүйерлерге жаңа шектеулер туралы хабарлама жіберген.

"Түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында стадионға енді көп реттік су шөлмектерін алып кіруге тыйым салынады", – делінген The Athletic басылымы келтірген Кодекстің жаңартылған тармағында.

Бұл мәселе ірі турнирлер кезіндегі сусын бағаларын ескерсек, жанкүйерлер үшін маңызды болуы мүмкін. Мәселен, былтыр клубтар арасындағы әлем чемпионатында стадиондардағы бөтелкедегі судың бағасы 4 пен 6 АҚШ доллары аралығында болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport