"Фенербахчеде" ойнаған Асқаров "Қайраттың" Ресейдегі командасына қосылды

10 қыркүйек 2021 08:56
©twitter.com/askarovmikael

18 жастағы Микаэль Асқаров "Қайрат-Мәскеу" футбол клубына қосылды. Бұл туралы FenerEpik хабарлап отыр.

Дегенмен келісімшарттың мән-жайы айтылмады.

Асқаров бұған дейін "Фенербахче" клубында ойнаған - 16, 17 және 19 жасқа дейінгі командаларында.

Микаэль Шымкент тумасы, 2011 жылға дейін осы қалада тұрған. Кейін отбасымен бірге Түркияға қоныс аударды, алайда, Қазақстан азаматтығын да сақтап қалған.

Көктемде ол Antalya Cup-2021 халықаралық турниріне қатысқан Қазақстанның жастар құрамасына шақыртылған еді.

"Қайрат-Мәскеу" Ресейдің ҰФЛ-2 чемпионатында өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар