Фелипе Коутиньо Англиядағы алғашқы ойынында гол соқты
Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Фелипе Коутиньо "Астон Вилла" сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Фелипе Коутиньо "Астон Вилла" сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қысқы трансферлік маусымда "Барселонадан" ауысып келген ойыншы "Вилла Паркке" жиналған жергілікті жанкүйерлерді жерге қаратпады. 22-турда "Манчестер Юнайтедті" қабылдаған Стивен Джеррард ойыншылары алғашында екі гол басымдығымен ұтылып жатқан. Алайда матч соңына дейін алаң иелері таразы басын теңестіре алды.
"Астон Вилла" сапында Джейкоб Рэмзи (77-минут), Фелипе Коутиньо (82) салса, "қызыл сойқандар" тарапынан Бруно Фернандеш (6, 67 минут) дубль авторы атанды.
Турнир кестесінде "вилландар" 23 ұпаймен 13-орынға жайғасса, "Манчестер Юнайтед" 32 ұпаймен 7-орында.
Жарнама