"Фаворит дәрежесі ештеңе шешпейді". Қазақстандық клуб бапкері "Қайраттың" Еуропа лигасындағы алдағы ойыны жайлы

Сурет: "Қайрат" ФК

Еуропа лигасы іріктеуінің үшінші раунды аясында "Қайрат" армениялық "Алашкертпен" ойнайды. Алматылық команданың қарсыласына қатысты "Тараз" бапкері Вардан Минасян Vesti.kz тілшісіне қысқаша пікір білдірді. 

"Қайраттың" расымен басымдығы бар деп ойлаймын. Дегенмен фаворит статусы ештеңе білдірмейді, "Алашкерт" барын салары сөзсіз, ол ойыншыларды жақсы жинақтап, бір-бірін түсініскен команда", - дейді Минасян. 

"Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы бірінші матч 5 тамыз Алматыда, ал қарымта ойын 12 тамызда Ереванда өтеді. Кирилл Кекер жаттықтыратын команда өз алаңындағы кездесуде көрерменсіз ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport