Фабио Капелло: Ресей құрамасына сәттілік тілеймін

сурет: getty images

Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Фабио Капелло Еуро-2020 турнирінің В тобында Ресей мен Дания кездесулерінің алдында Черчесов ойыншыларына сәттілік тіледі деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Sport24 басылымына сілтеме жасап.

"Ресей құрамасы үшін өте жауапты сәт болғалы тұр. Топтағы үшінші ойын әрдайым оңай болмайды. Ресей командасына сәттілік тілеймін. Маған бұл құрамада Головин ұнайды. Оны 18 жасынан бері танимын. Ол кезде енді қалыптасып келе жатқан бозбала еді. Ал қазір жауапкрешілікті мойнына алып, командасының көшбасшысына айналатын уақыты келді".

Еске салсақ, В тобында Бельгия, Ресей, Финляндия және Дания құрамалары бар. Роберто Мартинес шәкірттері 6 ұпай еншілесе, Ресей мен Финляндияның еншісінде 3 ұпайдан бар. Ал даттардың қоржынында әлі ұпай жоқ.

Метки: