Өзбекстан футбол қауымдастығы ұлттық құраманың бас бапкері Фабио Каннавароның қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін шетелдік БАҚ Италиялық маманның 2027 жылғы Азия кубогы кейінге шегерілгендіктен командадан кетуі мүмкін екенін жазған болатын.
??? Fabio Cannavaro could decide to leave Uzbekistan national team head coach job. It’s a possibility under consideration following the decision to re-schedule the Asian Cup. https://t.co/lYTfHDwR0F
— Fabrizio Romano (@FabrizioRomano) November 3, 2026
Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, италиялық бапкердің қызметінен кетуі мүмкін екені туралы ақпаратқа Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Азия кубогының бір жылға кейінге шегерілуі себеп болған. Турнир мерзімінің өзгеруі Каннавароның жоспарына және оның Өзбекстан құрамасымен одан әрі жұмыс істеуіне әсер етуі мүмкін екені айтылды.
Алайда Өзбекстан футбол қауымдастығы тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ұйым журналистер мен жанкүйерлерді расталмаған хабарламаларға сенбеуге және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Жарнама