Футбол
25 наурыз 2022 15:48
 
Фабио Каннаваро футболдан Италия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Фабио Каннаваро футболдан Италия құрамасының бас бапкері атануы мүмкін ©Reuters

Футболдан Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини қызметінен кететін болса, оның орнын Фабио Каннаваро басуы мүмкін. Бұл туралы Sky Sport Italia порталы хабарлайды. Сонымен қатар, ол Марчелло Липпимен бірге жұмыс істеуі де ықтимал. 

48 жастағы Каннаваро осы уақытқа дейін "Эвергранде", "Аль-Наср", "Тяньцзин" командалары мен Қытай құрамасының уақытша бапкері болған. Италиялық маман 2021 жылдың қыркүйегінде "Эвергранд" командасынан кетті. 

Ал кеше, 24 наурыз күні Италия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының тоғыспа кездесуінде Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен ұтылды. Осылайша, Италия құрамасы екінші мәрте әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады. Сол ойыннан кейін Манчинидің қызметінен кетуі мүмкін деген әңгіме шықты. Бірақ маманның өзі бұл сұраққа әлі жауап бермеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!