Еуропаның топ клубтары. Криштиану Роналдуның өкілдері жаңа команда іздеуде

Сурет: FootBoom

Португалия құрамасы мен "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдуның өкілдері бірнеше топ клубтармен байланысқа шыққан, деп хабарлайды "Чемпионат".

Олар ПСЖ, мадридтік "Реал" және "Манчестер Юнайтедке" хабарласып, трансфер мәселесін талқылаған. Сонымен қатар, "Ювентуспен" келісімшартты ұзарту туралы да келіссөз болғанға ұқсайды.

Роналду мен туриндік клуб арасындағы келісімнің аяқталуына бір жыл қалды. Футболшының өзі де Еуро-2020 аяқталғанша командадан кете қоймас. 

Еске салайық, 36 жастағы португалиялық "Ювентус" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, туриндік клубқа ол "Реалдан" 117 миллионға өткен. Криштиану 2020/2021 маусымында 29 гол салып, А сериясының ең үздік сұрмергені атанды.

Жаңалықтар