Еуропалық құрама ойыншысы қазақстандық командадан кетісімен чемпион атанды

Рунар Мар Сигурьонссон. Сурет: instagram.com/runarmar/

"Астананың" бұрыңғы ойыншысы Рунар Мар Сигурьонссон өнер көрсететін Клуж-Напока қаласының ЧФР командасы қататыран төртінші рет футболдан Румыния чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Турнирдің плей-офф кезеңінде клуб 1:0 есебімен "Ботошани" командасын ұтты. Осы жеңіс арқасында ЧФР 51 балл жинап, бәсекелстерін шаң қаптырды. 

Бұл Румынияның ұлттық турнирі тарихындағы ЧФР командасының жетінші жеңісі.

30 жастағы исландиялық жартылай қорғаушы "Астана" сапында 2019-2020 жылдар аралығы ойнады, ал биыл ақпанда ол румыниялық клуб сапына өтті. Астаналық командамен ол ҚПЛ-2019 чемпионы болған және 2020 жылғы Қазақстан суперкубогын жеңіп алған.