1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 21:55
 

Еуропалық құрама Қазақстанмен матчқа дайындықты бастады

  Пікірлер

blog.share

Еуропалық құрама Қазақстанмен матчқа дайындықты бастады ©ffa.am

Армения ұлттық құрамасы 1 маусым күні алдағы жолдастық кездесулерге дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz Армения футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

blog.share

Армения ұлттық құрамасы 1 маусым күні алдағы жолдастық кездесулерге дайындық аясындағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Vesti.kz Армения футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанмен матч Ереванда өтеді

Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 6 маусым күні Еревандағы Вазген Саргсян атындағы Республикалық стадионда өтеді.

Армения футбол федерациясының мәліметінше, ұлттық құрамаға шақырту алған барлық футболшылар оқу-жаттығу жиынына келіп үлгерген.

Тек Румынияның "Фарул" клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Нарек Григорян ғана командаға кейінірек қосылады. Ол Ереванға 2 маусым күні келмек.

Қазақстан құрамасы Шымкентте дайындалуда

Айта кетейік, Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы да алдағы ойындарға дайындық жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда ұлттық команда Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Қазақстан құрамасының тізіміне 25 футболшы енгізілген.

Венгриямен де ойын бар
Армениямен кездесуден кейін Қазақстан құрамасы тағы бір жолдастық матч өткізеді.

9 маусым күні қазақстандық футболшылар Венгрия құрамасымен кездеседі. Ойын Венгрияның Дебрецен қаласында өтеді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!