Еуропалық құрама Қазақстан ойыншыларымен жолдастық матч өткізуді ұсынды
Футболдан Литва құрамасы Қазақстан командасымен жолдастық ойын өткізуге ниет білдірді, деп жазады Meta-ratings.kz.
Футболдан Литва құрамасы Қазақстан командасымен жолдастық ойын өткізуге ниет білдірді, деп жазады Meta-ratings.kz.
Балтық жағалауының ұжымы бұл матчты өз алаңында қабылдауға дайын. Ал Магомед Адиевтің футболшылары Әбу-Дабиде 19 қараша күні БАӘ командасына қарсы жолдастық матч өткізеді және екінші ойынды да араб елінде өткзіуді жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Литва командалары соңғы рет 2020 жылы Ұлттар Лигасы аясында кездесті. "Қаршығалар" қонақта 0:2 есебімен жеңіске жетсе, литвалықтар Алматыда 1:2 нәтижесімен басым түсті.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 22 қыркүйекте "Астана Аренада" Ұлттар лигасының С тобындағы 5-турда Беларусьті қабылдаса, 25 қыркүйек күні Баукде Әзірбайжан ойыншыларымен өзара мықтыны анықтайды.
Жарнама