Еуропалық команданың үздік сұрмергені "Ақтөбеге" ауысты

28 желтоқсан 2021 17:35
©"Жальгирис" ФК

Франциялық шабуылшы Уго Видемон мансабын "Ақтөбеде" жалғастырады. Бұл ақпаратты Vesti.kz сайтына берген сұхбатында ойыншының агенті Нордин Сэм растады.

28 жастағы шабуылшының литвалық "Жальгириспен" келісімшарт мерзімі аяқталды, ол "Ақтөбеге" еркін агент ретінде ауысады. 

Бір қызығы, Видемон өткен қыста "Ақтөбе" ойыншысы атануы мүмкін еді, бірақ қазақстандық клуб "Жальгириспен" трансфер туралы нақты мәмілеге келе алмады.

Франциялық шабуылшы екі маусым қатарынан (2020 және 2021) "Жальгирис" сапында тиісінше 13 және 17 гол соғып, Литва чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Бұған дейін Видемон бельгиялық "Тюбиз", польшалық "Висла Краков", франциялық "Аяччо" және "Клермон" командаларында өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: