Еуропалық команда Шпилевскийдің бастамасымен бірінші жеңісіне қол жеткізді

©"Арис" ФК

Кипрлік "Арис" командасы "Қайраттың" бұрынғы бас бапкері Алексей Шпилекскидің бастамасымен бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Арис" Кипр чемпионатының 24-турында өз алаңында "Пафос" командасын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның бірінші таймында "Арис" шабуылшысы Мариуш Стемпински екі гол соқты. Ал екінші таймда Дуглас Аурелио бір голмен көзге түсті. 

Еске салайық, Шпилевскидің бірінші ойынында "Арис" командасы сырт алаңда АПОЭЛ ұжымымыен тең ойнаған болады. 

Айта кетейік, Шпилевкский 2021 жылдың жазында алматылық "Қайраттан" кетіп, екінші Бундеслигада ойнайтын "Эрцгебирг" командасының тізгінін ұстады. Ал 2022 жылдың ақпан айында "Аристің" бас бапкері болып тағайындалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport