Еуропалық команда "Астананың" бұрынғы футболшысымен қошайтыспақ. Осы ойыншы үшін командаға трансферге тыйым салынды

©"Астана" ФК

Болгариялық "Лудогорец" командасы  қысты трансферлік кезеңде "Астана" сапында өнер көрсеткен румыниялық шабуылшы Дорин Ротариумен қошайтыспақ. Бұл туралы Temasport.com порталы хабарлады.

Дорин бұл команданың сапында жазда "Астана" командасымен келісімшартын бұзған соң еркін агент ретінде алмасып келіп, 2024 жылға дейін келісім жасаған. Бірақ футболшы командаға бой үйретіп үлгере алмаған. Оның үстіне Ротариу бәсекелестікке де шыдамай, алаңға мүлде шыға алмай жүр. 

Сондықтан да "Лудогорец" оны жалға беруге дайын. 

Еске салайық, "Астана" командасы осы Ротариуге қарыз болуына байланысты алдағы үш трансферлік кезеңге жаңа ойыншыларды сатып алуға тыйымға қалды. Бұл ойыншыны елордалық ұжым "Брюгге" сапынан 1,5 миллион еуроға сатып алған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: