Еуропалық клубтар Қазақстан құрамасының шабуылшысына көз тікті

12 қыркүйек 2022 15:40
©ҚФФ

Футболдан "Астана" мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов маусым аяқталған соң шет елдік командаға ауысуы мүмкін. Transfermarkt порталының ақпараты бойынша, шабуылшының елордалық командамен келісімшарты жылдың соңында аяқталады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Sportal.az таратқан ақпарат бойынша, Айымбетов карьерасын Баку қаласының намысын қорғайтын "Нефтчи" командасына ауысуы мүмкін. Бірақ шабуылшыға басқа командалар да көз тігіп отыр екен. 

Айымбетовтің өзі "Астана" командасы ұсынған жаңа келісімшарттан бас тартқан. Себебі ол бағын басқа біріншілікте сынап көруге ниетті. 

27 жастағы Айымбетов "Астана" сапында өткен жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Сонымен қатар, ол ресейлік "Крылья Советов", қазақстандық "Қайрат" пен "Ақтөбе" намысын қорғаған. Ол 2019 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алып келеді. 

Transfermarkt порталы Айымбетовті 600 мың еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар