Еуропалық клубтағы қазақстандық хавбек бір маусымға футболсыз қалды

Сурет: "Висла" ФК
Қазақстан құрамасы мен краковтық "Висланың" жартылай қорғаушысы Георгий Жуков маусым соңына дейін ойнай алмайды, - деп хабарлайды польшалық клубтың баспасөз қызметі

25 жастағы футболшы шатының бұлшық етін жарақаттап алды. Оған клубтан тыс жерде емделуге рұқсат берді, дегенмен, "Висланың" дәрігерлер штабы ойыншыға емделу жолы бойынша ұстанымдарын айтты. 

Енді Жуков маусым алдындағы бірінші жаттығу жиынында ғана командаға қосылады деп болжанды. Қазақстандық ойыншы польшалық командаға алматылық "Қайрат" сапынан ауысқан. Биылғы маусымда "Висла" үшін 13 матчте ойнады.

Айта кетейік, "Висла" Польша чемпионатында 41 ұпаймен 16 команда арасында он үшінші келеді.