Еуропалық клубта ең қымбат футболшы атанған Қазастан құрамасы ойыншысының айлығы қиылды

Сурет: wisla.krakow.pl
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Георгий Жуков өнер көрсетіп жүрген Польшаның "Висла" командасының футболшылары, бапкерлері мен өзге де қызметкерлері еңбекақыларын ерікті түрде азайтуға келісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олар чемпионат жанданға дейін еңбекақысының жартысынан бас тартатын құжатқа қол қойды. Осылайша, краковтық команда коронавирус кезінде қаржылай қиындықтардан құтылады.

"Алаң ортасының патшасы". Қазақстан құрамасының футболшысы еуропалық чемпионатты мойындатты

25 жастағы Жуков "Висланың" ең қымбат футболшысы - қазіргі нарықтағы құны 1,5 миллион еуро (Transfermarkt мәліметі). Одан кейін 28 жастағы шабуылшы Алон Тургеман (800 мың еуро) және 34 жастағы вингер Якуб Блащиковски (700 мың).

Жуков "Вислаға" былтыр қарашада алматылық "Қайраттан" еркін агент ретінде өткен.