Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек ресейлік "Ахмат" клубына ауысға келісім берген уақытта ойыншыға Польша чемпионатынан да ұсыныс түскен, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кенжебектің грозныйлық клубпен трансфері алдын ала келісілген, ал ойыншы келесі жылды "Ахмат" сапында бастайды. Дегенмен жуырда Ғалымжан Польша Экстраклассасында өнер көрсететін "Краковия" клубынан да ұсыныс алған. Қазіргі таңда команда Польша чемпионатында алтыншы орында тұр және шабуыл шебін Қазақстан құрамасының ойыншысымен күшейтуді көздеген.
Алайда бұл мәміле жүзеге аспады, себебі сол сәтте Кенжебек "Ахматпен" барлық шарттарды келісіп қойған және өз ұстанымынан бас тартқысы келмеген. Сонымен қатар, Ғалымжанның Грозныйға ауысуына команданың қазіргі бас бапкері, Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Станислав Черчесовтің ықпалы зор болған.
Өткен маусымда Қазақстан премьер-лигасында Ғалымжан Кенжебек 11 матч өткізіп, алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 600 мың еуроға (363 миллион теңгеден астам) бағаланып отыр.
Айта кетейік, "Ахмат" сапында Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы - Максим Самородов та өнер көрсетіп жүр.