Еуропалық клуб футболшысы "Астанаға" ауысу туралы пікір білдірді
БАТЭ футболшысы Евгений Яблонский "Астанаға" ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Мұның алдында футболшыға қызығушылық туралы белоруссиялық инсайдер Владислав Татур хабарлаған.
БАТЭ футболшысы Евгений Яблонский "Астанаға" ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Мұның алдында футболшыға қызығушылық туралы белоруссиялық инсайдер Владислав Татур хабарлаған.
"Өзім енді ғана көрдім. Әзірге ештеңе айта алмаймын", - деп береді Яблонский сөзін Tribuna.com порталы "Ясно о футболе" бағдарламасының эфиріне сілтеме жасап.
26 жастағы жартылай қорғаушы БАТЭ сапында 2013 жылы ауысқан. Ал карьерасын Борисовтағы клубта бастаған. Елдің жастар және жасөсіпірімдер құрамасы үшін ойнаған. Ал ұлттық команда сапында 2019 жылдан өнер көрсете бастады.
Transfermarkt ойыншының трансферлік құнын бір миллион еуроға бағалап отыр.
Жарнама