Еуропалық клуб "Астанаға" Сотириу үшін 800 мың еуро ұсынылды
Болгариялық "Лудогорец" Кипр құрамасы мен "Астана" командасының шабуылшысы Пиерос Сотириуді сатып алмақ. Бұл туралы Goal.com.cy хабарлап отыр.
Болгариялық "Лудогорец" Кипр құрамасы мен "Астана" командасының шабуылшысы Пиерос Сотириуді сатып алмақ. Бұл туралы Goal.com.cy хабарлап отыр.
"Лудогорец" футболшы үшін 800 мың еуро беруге дайын. Сонымен қатар, кипрлік футболшыға венгриялық клубтардың бірі көз тігіп отырған сияқты, алайда, нақты қай команда екені аталмады.
Футболшының өзі бұл ұсыныс туралы ойланып отыр. Дегенмен, Кипр мен Қазақстан арасындағы алшақтық, пандемия мен ұлды болуы еуропалық чемпионатқа ауысуға итермелейтін сияқты.
Еске салайық, былтыр кипрлік ойыншы астаналық клубтың ең шулы трансфері болған. Ол кезде даниялық "Копенгаген" Сотириуді "Астанаға" 1,5 миллион еуроға сатқан.
Жарнама