Футбол
13 қараша 2021 07:14

Еуропалық клуб 18 жастағы қазақ футболшыға көз тігіп отыр

© Әлеуметтік желіден

Прагалық "Салвия" командасы 18 жастағы Нұрдәулет Мырзабековке көз тігіп отыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Алматылық клуб түлегі биыл жазда Чехияға тіл үйренуге барып, "Славия U-19" командасында да бақылау матчына қатысқан екен. Қазақ футболшы чехиялық бапкерлерге ұнаған, алайда, елдегі трансферлік кезең жабылғандықтан олар футболшыны алып қала алмады. Нұрдәулетке Чехияның екінші лигасында ойнайтын "AБС Браник Прага" клубымен уақытша келісімшарт жасауды ұсынылған. 

Қазір Мырзабеков "AБС Браник Прага" клубының негізгі шабуылшысы, бірақ, қысқы трансфер ашылысымен ол "Славияға" барады.

Мырзабеков алматылық "Алаш", "Аифа" және "Атлетик" командаларында ойнаған. "Алашта" Сергей Клишин мен Андрей Ферапонтов сияқты бапкерлерден тәлім алған. Ал жекеменшік "Атлетик" командасында Владислав Кузьминнің қол асытнда жаттықты.

 Айта кетейік, "Славия" 14 матчте 35 ұпаймен Чехия чемпионатында көш бастап тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport