Еуропалық чемпионатта тәжірибесі бар футболшы қазақстандық клубқа келеді

© СКА ФК
Vesti.kz редакциясына белгілі болғандай украиналық футболшы Андрей Мищенко карьерасын Қазақстанда жалғастырады. Алайда 28 жастағы ортадағы қорғаушы дәл қандай клубқа баратыны әзірге белгісіз. 

Мищенко өнер көрсеткен кейінгі клубы СКА болды, оның сапында футболшы Ресейдің бірінші дивизионында 15 ойын және Ресей кубогында бір матч өткізді. 27 ақпанда футболшы мен клуб келісімшартты екі жақтың келісімімен үзді.

Отанында бойшаң футболшы (193 сантиметр) "Черноморец", "Олимпик" (Донецк) пен "Севастополь", Израильде "Маккаби" (Нетанья) және "Хапоэль" (Ашкелон) командаларында ойнаған.

Футболшының трансферлік құны 250 мың евро.
Жаңалықтар