KPMG есебінше, Англия, Италия, Испания, Франция және Германия чемпионаттары қалған турларында 3,45 - 4 миллиард еуро табыс көре алатын еді.
Осылайша, Англия премьер-лигасы бәрінен көп жоғалтады - 1,25 миллиард еуроға дейін, оның 800 миллионы матч трансляцияларынан. Испаниялық Ла Лига осы себеп бойынша 600 миллион еуро, Итальяның А сериясы- 450 миллион, Бундеслига мен Францияның 1 лигасы - 400 және 200 миллион.
"Ұжымдық келісімшарты бар хабар таратушылар маусым аяқталып, матчтер өтпей қалса, сәйкес қаржысын қайтарғысы келетінін мәлімдеуі мүмкін", - делінген хабарламада.