Еуропалық 18 дүркін чемпион Қазақстан чемпионатындағы шабуылшыны қатарына қосты

©facebook.com/fkdinamo.tirana

Өткен маусымның жартысын "Ақжайықта" өткізген Артур Режинальдо Фаифе "Динамо" (Тиран) сапына ауысты. Бұл туралы албаниялық клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Келісімшарттың мән-жайы айтылмады.

"Ақжайық" сапында 31 жастағы форвард төрт матч өткізді, алайда, нәтижелі әрекетпен көзге түспеді. Сонымен қатар, Мозамбик футболшысы Қазақстанда "Қайсар" мен "Шахтер" үшін де өнер көрсеткен.

Transfermarkt ойыншының құнын 175 мың еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, "Динамо" - Албанияның 18 дүркін чемпионы, сонымен бірге, 13 рет ел Кубогін иеленген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport