Еуропадағы ең қымбат футбол клубы аталды

Сурет: goal.com©
KPMG аудиторлық компаниясы Еуропаның 2020 жылдағы ең қымбат футбол клубтарын атады, - деп хабарлайды sports.ru.

Рейтингте бірінші мадридтік "Реал" болды. Оның құны 3,478 миллиард еуроға бағаланды.

Екінші орында англиялық "Манчестер Юнайтед" - 3,342 миллиард еуро. Осылайша, бастапқы екі орын былтырдан бері өзгермеген. Ал үшінші орынға биыл германиялық "Бавария" (2,878) орнына каталондық "Барселона" (3,193) шықты.