Еуропада ойнаған Қазақстан құрамасының футболшысы жаңа клубқа ауысты

14 қыркүйек 2020 12:21
Сурет: ҚФФ
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель Сауд Арабиясының "Аль-Фейсали" футбол клубына ауысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

28 жастағы хавбек ары қарай созу мүмкіндігімен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. 



Меркель 2018 жылдан бері голландиялық "Хераклес" командасында ойнады. Өткен маусымда ол 25 матчте, екі гол салды және төрт нәтижелі пас берді.





Сонымен қоса, Меркель 2009-2011 жылдары "Милан" сапында өнер көрсеткен, содан кейін, 6,5 миллион еуроға "Дженоа" командасына ауысты. Сонымен қатар, ол аустриялық "Адмира", германиялық "Бохум", италиялық "Удинезе" және "Пизу", швейцариялық "Грассхопперс" және англиялық "Уотфорд" клубтарында ойнады.


Жаңалықтар