Дүйсен "Астана" қақпашысы болғанымен танымал. 2016-2017 жылдары ол астаналық клубтың үшініш голкипері болды және екінші лигадағы жастар командасында ойнады.
Шымкенттік клуб түлегі карьерасын бірінші лигадағы астаналық "Бәйтеректе" бастады. Сонымен бірге, "Ордабасының" жастар командасында ойнады. 2017 жылы "Астана" Абылайханды латвиялық "Спартакқа" жалға берді, бірақ, юрмалық командада ол тек қосалқы құрамда болды. Кейінгі екі жыл ол қарағандылық "Шахтерде" негізгі командада ойнады, бірінші лигадағы "Шахтер-Болат" және екінші лигадағы жастар командасында өнер көрсетті. "Шахтердің" негізгі командасы үшін тоғыз матчке қатысып, алты гол өткізді.