Еуропада жалғыз. Ұлттар лигасындағы дубль Роналдуды тарихта қалдырды

Сурет: uefa.com
Португалия құрамасы Ұлттар лигасында Швеция командасынан басым түсті. 

Стокгольмдегі "Френдс-Арена" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Криштиану Роналду дубль жасады (45 және 72-ші минут). Швециялық команда 44-ші минутта азшылықта қалған еді. Густав Свенссон екі рет сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұл Роналдудың ұлттық құрама сапындағы 100 және 101-ші голдары. Одан көп Иран құрамасының бұрынғы шабуылшысы Али Даеи ғана салған (109 доп).

Осылайша, Роналду еуропалық футболшылар арасында құрама үшін голдар санын 100-ге жеткізген бірінші ойыншы болып отыр. Екінші Венгрия құрамасының бұрынғы ойыншысы Ференц Пушкаш - 84 гол.

Жаңалықтар