Еуропада футболшының Қазақстан чемпионатында құлдырап кеткеніне таңданды

©"Неман" ФК

Армениялық футболшы Гегам Кадимян "Неман" сапына оралды. Ал белоруссиялық инсайдер Владислав Татур ойыншының 2021 жылды "Қайсар" сапында өте нашар өткізгеніне таңданды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайсарда" Кадимян көбіне қосалқы ойыншылар қатарында болды - негізгі құрамда екі-ақ матч, екі ассист және бірде-бір гол жоқ.

Белоруссия чемпионатында дүркіреген 2020 жылды есепке алса, бұл таңданарлық:

• 29 матчта12+6;
• 0.43+0.18=0.61 - 90 минуттағы нәтижелі іс әрекет;
• 0.3 xG и 0.24 xA/90 минут - голдар бойынша сәл асыпты, бірақ, ассист жетіңкіремеді", - деп жазыпты ол.

Кадимян 2020 жылы "Неманның" ең мықты ойыншысы деп мойындалды. Гродно қаласының клубы футболшының оралғанын 24 қаңтарда жария етті. Екі жақты келісімшарт бір маусымға жасалды.

Еске салайық, "Қайсар" ҚПЛ-2021 маусымын он төрт команда арасында 13-ші болып аяқтап, бірінші лигаға түсіп қалған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: