Еуропа лигасының жалпы кезеңі қорытындысы бойынша плей-офф кезеңге өткен барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалға тікелей өткен клубтар
Бірден 1/8 финалға жолдама алған сегіз команда мыналар:
Франциялық «Лион», англиялық «Астон Вилла», даниялық «Мидтьюлланн», испаниялық «Бетис», португалиялық «Порту», «Брага», германиялық «Фрайбург», италиялық «Рома» (Рим).
Жалпы кезеңді 9-орыннан 24-орынға дейін аяқтаған командалар 1/8 финал жолдамасы үшін стыков матчтарда бақ сынайды. Бұл тізімде:
«Генк» (Бельгия), «Болонья» (Италия), «Штутгарт» (Германия), «Ференцварош» (Венгрия), «Ноттингем Форест» (Англия), «Виктория Пльзень» (Чехия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Сельта» (Испания), ПАОК (Греция), «Фенербахче» (Түркия), «Панатинаикос» (Греция), «Лилль» (Франция), «Селтик» (Шотландия), «Лудогорец» (Болгария), Загребтің «Динамосы», сондай-ақ норвегиялық «Бранн» бар.
Еуропа лигасының стыков матчтарының жеребесі 30 қаңтарда өтеді. Салтанатты рәсім Қазақстан уақытымен 17:00-де басталады.
Ал 2025/26 маусымының финалы 20 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласында, «Бешикташтың» стадионында өтеді.
Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы — «Тоттенхэм», алайда, лондондық клуб биыл Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатыр.
Жарнама