Еуропа Лигасының ойындарына тікелей трансляция

©meta-ratings

Бүгін түнде футболдан Еуропа Лигасының жартылай финал ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Франкфуртте жергілікті "Айнтрахт" ағылшынның "Вест Хэмін" қабылдайды. Апта бұрын Англияда неміс командасы 1:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан бүгін Оливер Гласнер ойыншыларына турнирдің финалына шығу үшін тең есептің өзі жеткілікті. Бұл матчты түнгі сағат 01:00 Qazaqstan ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Екінші жартылай финалда Шотландияның 55 дүркін чемпионы "Рейнджерс" өз алаңында "Лейпцигті" қабылдайды. Алғашқы кездесу немістердің пайдасына (1:0) аяқталған еді. Қарымта матчта букмекрелік кеңселер басымдықты қонақтарға бергенімен, глазголық клуб әйгілі "Айброкс" стдионында аянып қалмасы анық.

"Рейнджерс" пен "Лейпциг" матчын елімізде (01:00) Q Sport League арнасы тікелей эфирде таратады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар