Еуропа лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында тель-авивтік "Маккаби" франциялық "Лионнан" ойсырай ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сerbияның Бачка-Топола қаласындағы "ТСЦ Аренадағы" кездесу франциялықтар пайдасына 6:0 есебімен аяқталды.
Алтыншы минутта қорғаушы Абнер есеп ашты. Ал алғашқы таймның ортасына қарай "Лион" басымдығын сенімді түрде арттырды: 25-минутта Корентин Толиссо есепті еселеді, ал 35-минутта Мусса Ньякате пенальтиден гол соғып, есепті арттыра түсті.
Үзілістен кейін франциялық клуб басымдығын жалғастырды. Толиссо 51-минутта дубль жасап, үш минуттан соң хет-трик авторы атанды. 62-минутта Адам Карабец қонақтардың алтыншы голын соғып, мачт есебіне нүкте қойды. Алаң иелері матчті он ойыншымен аяқтады - қосымша уақытта Сагив Ехезкель бірден қызыл қазал алды.
Бес тур қорытындысы бойынша "Лион" 12 ұпай жинап, жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Ал Тель-Авивтің "Маккабиі" небәрі бір ұпаймен 35-орында.
Жарнама