Футболдан Еуропа лигасының жартылай финалдық жұптары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Вильярреал" финалға жолдама үшін "Арсеналмен" кездесу өткізеді. Испаниялықтар 1/4 кезеңде загребтік "Динамоны" жарыс жолынан шығарған еді. Ал лондондықтар прагалық "Славиядан" басым болды.
Англиялық өзге команда "Манчестер Юнайтед" испаниялық "Гранаданы" ұтып, енді "Ромамен" ойнайды. Ал италиялықтар өз кезегінде 1/4 финалда "Аякстан" мықты болды.
Еуропа лигасы 1/2 финал матчтерінің кестесі:
29 сәуір
"Вильярреал" - "Арсенал"
"Манчестер Юнайтед" - "Рома"
6 мамыр
"Арсенал" - "Вильярреал"
"Рома" - "Манчестер Юнайтед"