УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне қатысатын барлық командалар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
26 ақпанда өткен қарымта матчтарының қорытындысы бойынша 1/8 финалдың толық құрамы іріктелді.
Бұған дейін келесі кезеңге тікелей жолдама алған клубтар: "Порту" (Португалия), "Брага" (Португалия), "Бетис" (Испания), "Мидтьюлланн" (Дания), "Фрайбург" (Германия), "Рома" (Италия), "Лион" (Франция) және "Астон Вилла" (Англия).
Ал шешуші кезеңінен сүрінбей өткен командалар: "Ференцварош" (Венгрия), "Панатинаикос" (Грекия), "Сельта" (Испания), "Штутгарт" (Германия), "Ноттингем Форрест" (Англия), "Болонья" (Италия), "Лилль" (Франция) және "Генк" (Бельгия).
Швейцарияның Ньон қаласында 1/8, 1/4 және 1/2 финал кезеңдерінің жеребесі өтеді, соның қорытындысы бойынша қай командаларбір-біріне қарсы ойнайтыны анықталады.
Финал 20 мамыр күні Ыстамбұл қаласында, "Бешикташ" клубының стадионында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, 2024/25 жылғы маусымның жеңімпазы - ағылшынның "Тоттенхэм" клубы.