Еуропа лигасындағы "Вильярреал" - "Манчестер Юнайтед" арасындағы финалдық ойынға тікелей көрсетілім

Сурет: sport.segodnya.ua

Бүгін, 27 мамыр түнде Еуропа лигасының "Вильярреал" мен "Манчестер Юнайтед" арасында финалдық ойын өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Польшаның Гданьск қаласындағы "Энерга Гданьск" стадионында өтеді. Ойында франциялық Клеман Тюрпен төрелік етеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:50. 

Ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

Испаниялық клуб биылғы Еуропа лигасында бірде-бір кездесуде есе жібермеді. 

"Вильярреал" бапкері Унаи Эмери Еуропа командасын Еуропа лигасында үш рет жеңіске жеткізген.