Еуропа лигасындағы тоғыспа кездесулердің жеребесі тартылды

13 желтоқсан 2021 18:37
©УЕФА

Бүгін, 13 желтоқсан Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасы жеребе тарту рәсімі өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Айта кетейік, Еуропа лигасында өз тобында жеңіске жеткен команда бірден 1/8 финалға шықты. Ал олардың қарсыластары 1/16 финал ойындарынан кейін анықталады. 

Еуропа лигасы тоғыспа кездесуінің жеребесі:

"Севилья" - "Динамо" Загреб
"Аталанта" - "Олимпиакос"
"Лейпциг" - "Реал Сосьедад"
"Барселона" - "Наполи"
"Зенит" - "Реал Бетис"
"Боруссия" Дортмунд - "Рейнджерс"
"Шериф" - "Брага"
"Порту" - "Лацио"

Бұл командалар арасындағы бірінші кездесу 17 ақпан, ал жауапты ойын 24 ақпанда өтеді. 

Еске салайық, "Спартак", "Лион", "Монако", "Айнтрахт", "Црвена Звезда", "Галатасарай", "Байер" және "Вест Хэм" командалары бірінші орын алған.

1/8 финалдың жеребесі 25 ақпан күні тартылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар