Еуропа лигасындағы мачтен кейін "Астана" капитаны мәлімдеме жасады

©"Астана" ФК

"Астанаға" сырт алаңда "Лудогорецпен" абайлап ойнаған жөн. Мұндай пікірді қазақстандық клубтың капитаны Абзал Бейсебеков айтып отыр. 

"Біз үшін ойын жақсы өтті. Бірінші минутта Вороговскийде гол салатын жақсы сәт болды. Одан кейін стандарттан бір доп өткізіп алдық, бұл "Лудогорецтің" жалғыз ғана қауіпті сәті болды.  

Енді сырт алаңда абайлап ойнау керек. Матч қиын болды, ұтылып бара жатып, бар күшімізді жиып, жанкүйерлер үшін жеңісті жұлып алғымыз келді. 

Қарсылас алаңында да осылай ойнаймыз деп ойлаймын. Өйткені қорғаныста тұрып алу бізге жат, шабуылы басым ойын көрсетіп, бірнеше гол салу керек", - дейді Бейсебеков Qazsport арнасының эфирінде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport