Еуропа лигасындағы "Қайраттың" қарсыласы анықталды

10 қыркүйек 2020 14:19
Сурет: "Ноа" ФК
Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде израильдік "Маккаби "(Хайфа) клубы босниялық "Железничарды" 3:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қос команда арасындағы кездесу Хайфа (Израиль) қаласында өтті. Есепті қонақтар ашты. 34-минутта Иван Лендрич "Железничарды" алға шығарды. Алайда кейін "Маккаби" үш гол соқты: Тьярон Шери (38-минут), Никита Рукавица (59-минут) және Юваль Ашкенази (66-минут).

Спорт порталының мәліметінше, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Маккаби" алматылық "Қайрат" клубымен кездеседі. Матч 17 қыркүйекте Хайфада өтеді.
Жаңалықтар