Еуропа лигасындағы ең мықты футболшы анықталды

©Footboom.kz

Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) биылғы Еуропа лигасының ең үздік футболшысын анықтады. Ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, "Севилья" ойыншысы Хесус Навас үздік деп танылған. 

37 жастағы испаниялық футболшы биылғы Еуропа лигасында 9 ойынға қатысқан. Бір рет нәтижелі пасымен көзге түскен. 

 

Ал жарыстың ең жас үздік ойыншысы марапатына "Байер" командасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ие болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport