Еуропа Лигасындағы "Астанамен" матч алдында мальталық клуб төрт ойыншыдан айырылды

Боян Кальевич. Сурет: timesofmalta.com
Мальталық "Валлетта" Еуропа Лигасы іріктеуінің үшінші раундындағы "Астанамен" матч алдында төрт ойыншыдан айырылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл футболшылардың түрлі жарақат алуына байланысты болды. Осылайша, 33 жастағы мальталық қорғаушы Джонатан Каруана, 32 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Дуглас Пакер, 33 жастағы черногориялық шабуылшы Боян Кальевич және шабуылшы тобындағы тағы бір ойыншы 32 жастағы аргентиналық Сантьяго Малано команда сапынан шығып қалды. Олардың қашан оралатыны белгісіз.

Дегенмен екі апта бұрын "Валлетта" сапы 27 жастағы бразилиялық вингер Юри Мессиаспен толыққан еді. Футболшы бұрын Сауд Арабиясының "Аль-Джабалейн" клубында ойнаған. Сонымен бірге, Мессиас Чемпиондар Лигасы екінші іріктеу раундында ойнап үлгерді және "Ференцварош" қақпасына гол салды. Алайда мальталықтар екі матч соммасы бойынша мажарлардан ұтылып - 1:3, 1:1. Чемпиондар Лигасынан шығып қалды.

Еске салайық, Еуропа Лигасы үшінші іріктеу кезеңінің "Астана" мен "Валлетта" арасындағы алғашқы матч 8 тамыз Қазақстан астанасында өтеді. Басталуы жергілікті уақытпен 20:00.
Жаңалықтар